Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 5-ші кезеңі басталды

3 Декабря 2021 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің бесінші кезеңі – Сарапшылық комиссияда әңгімелесу кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз хатшысы Ерхан Таткен-ге сілтеме жасап.

«Іріктеуге сұхбаттасу қорытындылары негізінде ең жақсы нәтиже көрсеткен 100 адам жіберілді. Әңгімелесу кезеңі 3-10 желтоқсан аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде офлайн форматта өтеді. Комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың терең сұхбатының нәтижелері бойынша қысқаша есептер ұсынылады», деп жазды Ерхан Таткен Facebook -тегі парақшасында.




Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кірді. Комиссия отырысына байқаушылар ретінде қоғам және БАҚ өкілдері шақырылды.

«Сарапшылық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 65 кандидаттан аспайтын тізім жасалады, олар Ұлттық комиссия отырысының қарауына ұсынылады. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке енгізіледі. Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты - қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау», - деді баспасөз хатшысы.



Наверх