Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атыраудың Жылыой ауданында спорт кешені ашылды

30 Ноября 2021 06:20

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы және Тұңғыш Президент күні қарсаңында Атырау облысының Жылыой ауданында спорт кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа нысан Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылында бой көтерген. Спорт кешенінің аумағы – 4 мың шаршы метр.

Екі қабатты кешендегі күрес, бокс, футбол, воллейбол, баскетбол, үстел теннисі залдары заманауи жабдықтармен қамтылған. Спорт кешенінің сыртындағы аумақта футбол, баскетбол алаңдары қарастырылған.




«Жақында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығына ерекше тоқталған еді. Сол себептен, мұндай замаунауи спорт кешендері бұқаралық дене шынықтыруды одан ары дамытуға жол ашады. Бұл – әлеуметтік салада жүзеге асыырылған мемлекеттік саясаттың бір айғағы» -деді жаңа нысанның ашылуына қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан жас буынның бұқаралық спортпен айналысуына қолдау жасала береді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 300 орындық спорт кешені ашылғанын хабарлаған едік.











Наверх