Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында 4 млн тоннаға жуық астық жиналды

26 Ноября 2021 23:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі астық жинау жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің облыс – негізгі ауылшаруашылық өңірлердің бірі, оның жалпы ауыл шаруашылығы өніміндегі үлесі 11%-ға жуық. Тіпті күрделі климаттық жағдайларға қарамастан, облыс шаруалары гектарынан 8,8 центнерден өнім алып, 4 млн тоннаға жуық астық жинады», - деді Ермек Маржықпаев Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.

Әкімнің айтуынша, суармалы жерлер алаңын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр, қазір суармалы жерлер 30 мың гектарға жеткізілді.

«Алдағы уақытта Есіл және Жарқайың аудандарында Бұзылық су қоймасы салынып, суармалы жерлер кеңейеді. Осы бірегей және маңызды жобаны іске асыру өңірдің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға мүмкіндік береді, экожүйеге, флора мен фаунаға оң әсер етеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 72 млрд теңге көлемінде агроөнеркәсіптік кешен көрсеткіштерінің өскені байқалады», - деді Е. Маржықпаев.


Автор Айжан Серікжанқызы
Ключевые слова: Ақмола облысы, Ауыл шаруашылығы, Әкім,
Наверх