Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қозғалтқышы істен шыққан санитарлық рейс Алматы әуежайына қонды

3 Сентября 2021 14:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Алматы- Семей» бағытында ұшқан ұшақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайтып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей бағыты бойынша санитарлық рейс жасаған ұшақтың қозғалтқышы істен шықты.

«Бүгін, 3 қыркүйекте түскі сағат 11:12-де Алматы – Семей бағыты бойынша ұшып бара жатқан EastWing әуекомпаниясының EWZ1149 ЯК – 40 санитарлық рейсі апат дабылын қақты. Бұған себеп – сол жақ қозғалтқыштың істен шығуы. Ұшақ ұшу аэродромына сағат 11:17 сәтті қонды»,- деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында екі дәрігер мен 5 экипаж мүшесі болған.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Көлік, Алматы, Оқиға,
Наверх