Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әрбір ұлттық жобаны ірі-ірі 10 мемлекеттік бағдарлама десек болады – Қайрат Келімбетов

19 Октября 2021 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген 10 ұлттық жобаны 10 ірі мемлекеттік бағдарлама десек болады. Бұл жайында TALAP.Talks алаңында сұқбат берген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, «Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Үкімет үшін де, мемлекет үшін де 10 ұлттық жоспар мен біріктірілген 9 үлкен көрсеткіш бар. Бұл, мәселен, орташа өмір сүру ұзақтығын 75жасқа дейін жеткізу. Бүкіл ел осы бағытта жұмыс істеуі қажет. Өйткені, онда азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы, көлік қауіпсіздігі қамтылған. Оның төңірегінде өте көп мәселе бар», - деді агенттік басшысы сұқбат барысында.

Сонымен қатар ол аталған ұлттық жобалардың аясында көптеген жаңа жұмыс орнының ашылатындығын айтады.

«Айталық, қазір 1 млн-нан астам жаңа жұмыс орнын ашу міндеті жүктеліп отыр. Қазіргі уақытта демографиялық өсім бар екендігін жақсы түсінеміз және еңбек нарығына жас буын көптеп келіп жатыр. Бізде ел жалқының жартысын Тәуелсіздік жастары құрап отыр. Міне,осы демографиялық өсімге инфрақұрылымдарымыз қайтадан дайын болуы қажет», - деді Қайрат Келімбетов.

Агенттік басшысы ұлттық жобалардан туындайтын 9 мегаиндикатор болатындығын алға тартады.

«Түптеп келгенде әрбір ұлттық жобаны ірі-ірі 10 мемлекеттік бағдарлама десек болады», - деді ол.


Наверх