Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

АӨІСШК-ге мүше елдер Қазақстандағы ахуалдың тез арада дұрысталғанына мүдделі

14 Января 2022 13:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралар кеңесіне (АӨІСШК) мүше елдер Қазақстандағы ахуалдың тез арада дұрысталғанына мүдделі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте АӨІСШК атқарушы директоры Қайрат Сарыбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі халықаралық ұйымның ресми айтына сілтеме жасап.

«Ең алдымен Қазақстандағы лаңкестік актілердің салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Үкіметінің лаңкестік әрекеттерге қарсы тұру, ахуалды шиеленістірмеу, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданған іс-шараларын толықтай қолдайтындығымды растаймын. Дағдарыстың «шиеленісті сәтте» азаматтық жауапкершілік пен тыныштық сақтай білген Қазақстан азаматтарына ризашылығымды білдіремін. Мен Алматыдағы оқиғалардың куәсі болдым және құқық қорғау органдарының іс-әрекеті теңгерімді, заң аясында әрі ахуалдың дамуына сай болғандығын жауапкершілікпен мәлімдеймін. Сонымен қатар полицияның наразылықтың бейбіт акцияларына қатысты іс-әрекеті дұрыс болғанын атап өтемін. Дегенмен, экстремистік және бандиттік элементтер наразылық акцияларын пайдаланды және бұл қалада құқық қорғау органдарына, азаматтар мен олардың мүліктеріне қарсы зорлық-зомбылықтың күрт белең артуына алып келді», - деді Қайрат Сарыбай.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілістегі сөз сөйлеуінде орын алған дағдарысқа терең сараптама жасалып, оны еңсеру іс-шаралары жария етілгендігін еске салып өтті.

«АӨІСШК-ге мүше елдер Қазақстандағы ахуалдың тез арада дұрысталуына шынайы түрде мүдделі екендігін растаймын. Оған менің жекелеген мүше мемлекеттердің өкілдерімен байланысым дәлел болады. Қазақстанның ҰҚШҰ-дағы серіктестерінің көмегі Азиядағы ынтымақтастықтың көпжақты форматының қажет екендігін және қауіпсіздіктің қазіргі сын-тегеуіріндеріне қарсы іс-қимылда көп тараптылықтың маңыздылығын іс жүзінде көрсетіп берді», - деді АӨІСШК атқарушы директоры.


Наверх