Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматылықтардың 83 пайызы көліктердің автобус жолағымен жүруіне қарсы – сауалнама

21 Мая 2022 18:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтардың 83 пайызы қала әкімдігі жүргізіп жатқан сауалнама аясында жеке көліктердің автобус жолымен жүруіне қарсы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Райымбек даңғылының бойында эксперименталды учаске бар. Қазір бірінші кезеңнен өттік. Бүгінгі күні екінші кезеңмен жұмыс істеп жатырмыз. Қала тұрғындарының 80 пайыздан астамы жеңіл автокөліктердің автобус жолағымен жүруіне қарсы. Жұмыс жақын арада аяқталады. Соған орай шешім қабылданады», - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов брифингіде.

Қала әкімдігінің сайтында арнайы Bus Lane бойынша сауалнама жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың 83%-ы жеке автолардың арнайы жолақпен жүруі қоғамдық көлік пен төтенше жағдайлар қызметінің қозғалысына кері әсер етеді деп есептейді. Осылайша, қоғамдық көліктерге арналған жолақпен жеңіл автомобильдердің жүруіне қарсы.

Бұған дейін қала билігі жүргізушілерге Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен көлік көп жүретін уақыттан тыс кезде қозғалуға рұқсат берген еді.

Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Қоғам, Әкімдік, Көлік, Жол, Алматы,
Наверх