Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталығы төлемдерді заңсыз алған

25 Мая 2022 21:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарынан құжаттау қызметтері үшін мемлекеттік бажды алу заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қадағалау органынының мәліметінше, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде адамдардың белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылды.

«Оларға соғыс ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар; мүгедектер; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар; балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын» және «Күміс» алқамен наградталған көпбалалы аналар жатады»,- деп хабарлады прокуратурадан.

Қадағалау органы, талдау жүргізу барысында ХҚКО-да әлеуметтік осал санаттағы 400-ден астам тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынғанын анықтады.

Алмалы ауданының прокуратурасы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

«Оны қарау қорытындысы бойынша ақшаны қайтару бойынша шаралар қабылдануда, КЕАҚ басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- деп атап өтті ведомствадан.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Алматы, Прокуратура,
Наверх