Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жылу бағасы қымбаттауы мүмкін

26 Октября 2021 09:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2022 жылдан бастап жылу тарифі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы қоғамдық тыңдау барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық тыңдау барысында «Алматы жылу желілері» ЖШС коммерциялық директоры Эльмира Байчигасова табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне жылу энергиясын өндіруші кәсіпорындардан тұтынушыларға беру тарифін өзгерту мәселесін қарау туралы өтініш бергендерін айтты.

Өтініш беруге 2017 жылдан бастап енгізілген тарифтік лимиттер мерзімінің бітуі себеп болып отыр. Тағы бірі, өндірушілерден сатып алынатын жылу тарифінің көтерілуіне сәйкес «Нормативтік техникалық жоғалтулар» бабы бойынша шығындардың өсуі сеп болды

«Өтінім нақты шығындар бойынша берілді. Салықтар, көлік шығындары, жалақы, сақтандыру, мемлекеттік қызметтер, еңбекті қорғау, іссапар шығындары, байланыс қызметтері, кеңес беру және аудит қызметтері бойынша», - деді компания өкілі. Сонымен қатар, ол ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті шешім қабылдағанға дейін жылу тарифы көтерілмейтінін атап өтті. Шешім шығарушы комитеттің қорытындысы 30 күнтізбелік күннен кейін белгілі болады.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Алматы, Қоғам, Тариф, Баға,
Наверх