Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаяу өткелдің 83%-да мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған - прокуратура

16 Мая 2022 21:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының прокурорлары қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жер үсті мен жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, бүгінде қаладағы 68 жаяу жүргіншілер өткелінің 57-сінде (83%) лифт пен көлденең көтергіштер жұмыс істемейтіні анықталды.

«Аталған нысандарды күтіп ұстауға, оларға қызмет көрсетуге бюджеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Тек 2021 жылдың өзінде бұл мақсаттарға 280 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Анықталған фактілер бойынша қазіргі таңда прокуратура органдарымен бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығына қадағалау актілері енгізіліп, тексеру шаралары тағайындалды», - деп мәлімдеді прокуратурада.

Айта кетейік, бүгінгі күні Алматыда 54 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның ішінде 14 739 адамның жүріп-тұруында қиындық бар.


Автор Думан Арғынгелді
Ключевые слова: Алматы, Қоғам,
Наверх