Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда заңсыз салынған гараждар сүріледі

6 Декабря 2021 16:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында заңсыз салынған 250-ге жуық гаражды бұзу жоспарланған. Бұл туралы аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Алтай Рахымбетовтан журналистер аудан аулаларындағы заңсыз салынған гараждар мен қосалқы құрылыстар мәселесі қашан шешілетінін сұрады.

«Біз бұл жұмыстарды қолға алдық. Өкінішке орай, бүгінгі күні бізде аула аумақтарында, көшелерде орналасқан осындай 500-ге жуық нысан бар. Басым бөлігінің тиісті құжаты жоқ, бірақ иелері оларды барлық жолмен қалдыруға тырысады. Мұндай жағдайларда сотқа жүгінуімізге тура келеді, бұл біраз уақытты алады. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз, келесі жылы заңсыз тұрған 250-ге жуық гаражды бұзуды жоспарлап отырмыз», - деді аудан әкімі.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Аймақ, Алматы, Құрылыс, Басқа меморгандар, Әкімдік,
Наверх