Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үздік полицейлер марапатталды

23 Июня 2021 16:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда үздік полицейлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов, ардагерлер және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты.

Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, мегаполисте алты мыңнан астам полицей қызмет етеді.

«Алматы полициясы құқық қорғау органдарының ерлігіне үлгі бола алады. Сондықтан алматылықтар өздерін қауіпсіз сезінеді. Пандемияның ең қиын жағдайында да, бүкіл әлемде қылмыс артқан шақта алматылық полицейлердің тәртіпті қамтамасыз еткендері соншалық, тіпті, қылмыс екі есеге азайды. Мұндай көрсеткіштермен әлемнің кез келген қаласы және кез келген құқық қорғау жүйесі мақтана алады. Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды тәуекелге қоя отырып, тәулік бойы шаһардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктеріңіз үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Сіздерге жаңа маңызды жетістіктер, қызметтеріңізде сәттілік тілеймін», – деді Ержан Бабақұмаров.

Алматы қалалық Полиция департаменті төрт ішкі істер министрін, 17 министрдің орынбасарын, 27 облыстық және қалалық аумақтық полиция бөлімшелерінің басшысын тәрбиеледі. Президент Жарлығымен 36 алматылық полицейге полиция генерал-майоры атағы берілді.





«Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Полиция жақын маңда» қағидасын жүзеге асыруды атап өтті, осыған байланысты, Алматы қаласы ПД қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғауда жаңа формаларды қолдануда. Алматы қалалық Полиция департаменті – қала әкімдігінің қолдауымен елдегі ең үздік материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілген ішкі істер министрлігінің ірі құрылымдық бөлімшесі», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.





Бүгінде Алматы полициясына жаңа ведомстволық емхана мен спорт кешені салынуда.

«Сонымен қатар осы жылы жас полиция қызметкерлеріне «Алматы жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берілді. Қазірдің өзінде 14 әріптесіміз пәтер алды», – деді Қанат Таймерденов.

Спикердің айтуынша, Алматы қаласының қызметтері мен полиция бөлімшелерінің 166 қызметкері өздерінің кәсіби мерекелерінде марапаталды.

«Бұл күні мен ардагерлерімізге де зор алғысымды білдіргім келеді. Бүгінде олар жас қызметкерлердің білімі мен дамуына үлкен үлес қосуда, олар бай тәжірибесі мен қызметтің үздік дәстүрлерін таратуда және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуде. Жеке құрамға, ардагерлерімізге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін», – деді Қанат Таймерденов.





Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Алматы, Қоғам,
Наверх