Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда тау бөктерінде қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр

18 Сентября 2021 16:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы қызыл жалынның жақын маңда орналасқан тұрғын үй секторына таралу қаупінің алдын алды

«18 қыркүйек күні түскі сағат 11:11минутта Алматы қаласы ТЖД табиғи өрттерге қарсы жиынтық жасағы Бостандық ауданы, «Ерменсай» шағынауданы, Арайлым көшесі, 2/12 үйдің жанныда тау баурайындағы құрғақ шөп пен ағаштардың жанғаны туралы хабарламаға шықты»,- деп хабарлады ведомствадан.




Өрт сөндіру бригадасы келген кезде таудың баурайында жалпы ауданы 1,5 Га жерде қураған шөп пен ағаш өртенгені анықталды.

Өрттің үш қабатты тұрғын үйге таралу қауіпі болды.

Жоғары температурадан үш қабатты үйдің пластикалық терезелері, сайдингтан жасалған үй жабындысы қыза бастаған.

Өртті сөндіруге 57 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірілді.

Оттың жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі толығымен жойылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.



Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Видео, Төтенше оқиғалар, апаттар, Алматы, Оқиға,
Наверх