Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда табиғи қорықтар мен резерваттарға саяхаттауға рұқсат берілді

24 Июля 2021 00:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 15 адамнан аспайтын топпен саяхат ұйымдастыруға рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін ұлттық табиғи парк, резерват және қорық сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға маскалық редимді сақтай отырып, 1,5 метр әлеуметтік қашықтық ұстау арқылы саяхат ұйымдастыруға рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беруге мұқтаж балаларға арналған арнай ымектеп-инернаттардың, жетім балаларға арналған мекемелердің, жалпы лгідегі мектеп интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысына қызметіне қызметкерлерін вакциналау шартымен рұқсат берілетіні айтылған.

Қаулы 2021 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мазмұымен мына жерден танысуға болады.

Автор Есімжан Нақтыбай
Ключевые слова: Экология, Алматы, Қаулы, Қауіпсіздік, Карантин,
Наверх