Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда салынып жатқан метро стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылды

18 Сентября 2021 10:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев «Достық» метро стансасының атауын өзгертіп, оған Бауыржан Момышұлының атын беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін жзды.

«Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

«Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады.

Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаны «Қарасай» деп өзгерту көзделіп отыр.

Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр.

Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған.

«Западный» автовокзал бекеті Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Көлік, Алматы, Ономастика,
Наверх