Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда перзентханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарады

19 Октября 2021 04:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Онда мегаполисті дамытудың, оның ішінде денсаулық сақтау және ана өлімін болдырмау саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, ана өлімінің негізгі себептерінің арасында COVID-19 және экстрагенитальды аурулардың болғаны, COVID-19 симптомдары байқалса да медицина қызметкерлеріне кеш жүгіну себептері бар. Бүгінде ана өлімін төмендету үшін отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда және фертильді жастағы әйелдерді динамикалық бақылау енгізілуде. Перзентханаларда кадрлар тапшылығын жою және олардың біліктілігін арттыру мақсатында резидентурада 2021-2023 оқу жылдары 6 акушер-гинеколог, ал, 2022-2024 жылдары – 4 маман даярлықтан өтеді. Алматы әкімі Б. Сағынтаев ана өлімін азайту мақсатында іс-шаралар жоспарын іске асыруға бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту міндетін алға қойды. Ол үшін ағымдағы және келесі жылдары қажетті жабдықтар сатып алынады, ал 2023-2024 жылдары перзентханаларды заманауи сору-сыртқа тарату желдеткішін орната отырып, кезең-кезеңімен реконструкциялау қарастырылған.


Автор Думан Арғынгелді
Ключевые слова: Медицина, Алматы,
Наверх