Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

22 Июня 2021 10:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидрометтің» 21 маусымдағы №40 дауылды ескертуiнiң негiзiнде Iле Алатауы тауларында күндiз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауады»,- деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны 22 маусым күні Алматыда ауа райы бұзылатынын мәлім етті.

Қалада нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтiліп отыр.

Солтүстiк-батыстан жел соғып, найзағай кезiнде жел екпiнi ceкундына 15 метрге жетеді.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Ауа райы, Алматы, Қазгидромет,
Наверх