Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

21 Сентября 2021 11:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 5428 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қыркүйек күні 5428 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2315, II компонентін 3113 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 20 қыркүйек аралығында қалада 931 261 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 823 333 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 116 774 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Наверх