Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда балаларына жауапсыз қараған 424 ата-ана жазаланды

22 Сентября 2021 15:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 400-ден астам ата-ана балаларының түнгі уақытта көшеде жүргені үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жалпықалалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

« Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны ескерту, білім беру ұйымдарының қатысушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу»,- деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Оның айтуынша, Полиция департаментінің барлық қызметтерінің әрекеттерін үйлестіру үшін жедел штаб пен жұмыс тобы құрылды.
«Іс-шара барысында әртүрлі құқық бұзушылықтар бойынша полицияға 532 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған – 461, қараусыз қалғаны және баспанасыз болғаны үшін – 29. Қараусыз қалған 26 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бөлінді»,– деді полиция өкілі.
Сонымен қатар, рейд барысында балалары түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 424 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.
ҚР ӘҚбК-нің 127-бабы 1-бөлімі (Бала тәрбиесі бойынша міндеттерді орындамағаны үшін) – 19 ата-анаға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына оларды әкімшілік жауапқа тарту үшін материалдар жіберілді.
«Іс-шара кезінде ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған және оларға қатысты алдын алу іс-шаралар кешенін өткізді. Қаланың жалпы білім беру мекемелерінде оқушылармен кездесулер өткізіліп, оларға қоғамдық орындарда, бейтаныс адамдармен, қақтығыс жағдайында бейне материалдарды қолдану, ақпараттық бюллетеньдерді тарату және орналастыру тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтарын кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған ұсыныстар берілді»,– деп қорытындылады Манап Саттаров.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Қоғам, Алматы,
Наверх