Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда Атакент көрме орталығы өртеніп жатыр

18 Мая 2022 17:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Атакент» көрме павильоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр .

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі 42 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде №9 павильон ашық жалынмен жанып жатты. Өзге ғимараттарға таралу қаупі жоқ», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.





Соңғы мәліметтерге қарағанда, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды. Алдын ала ақпарат бойынша павильон бос тұр.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 17 бірлік техника 50 адам жұмыс істеп жатыр.







Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Өрт, Төтенше оқиғалар, апаттар, Алматы,
Наверх