Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ардагер дәрігерлерге құрмет көрсетілді

17 Июня 2021 16:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында ардагер мамандар құрметке ие болды, деп ҚазАқпарат тілшісі .

Шараны С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин ашты.

«Қазақстандағы медициналық кадрларды даярлауда Алматы ерекше рөл атқарады. Көпшілігіңіз осы жерде білім алып, тәжірибеңізді қолданып, еңбек жолын бастадыңыз. Сіздер біздің медицинамыздың дамып жатқанына куә болып отырсыздар. Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге, ең алдымен, зор денсаулық және амандық тілегім келеді», - деді ректор өзінің құттықтау сөзінде.

Өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесі ардагерлері кеңесінің төрағасы Қадыр Омаров зор еңбек сіңірген медицина қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің атынан марапат табыстады.




«Қазірдің өзінде біздің республикада он облыста медицина ардагерлеріне арналған қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Алдағы уақытта ардагерлермен көптеген іс-шаралар жоспарланған. Мұның бәрі біздің ардагер дәрігерлер үйде отырмай, қоғамдық жұмыспен айналысуы үшін жасалды. Себебі олардың білімі мен тәжірибесі - баға жетпес қымбат қазына. Бүгін біз еліміздің медицина саласының дамуына орасан зор үлес қосқан дәрігерлерді атап өткіміз келеді», - деді Қадыр Омаров.




Шара барысында ардагерлер мен медицина өкілдері естелік айтты.

«Біз - ұлттық медицинамыз енді дамып, қалыптасып келе жатқан кездің куәсі болған адамдармыз. Тәуелсіздік жылдары көп нәрсе өзгерді. Біздің медицина өз заманына ілесіп келеді деп мақтанышпен айта аламыз», - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы емдеу-диагностика орталығының басшысы Тұрарбек Төлендиев.




«Есімде, әрқашан медқызметкер болуды армандадым. Нақты дәрігер немесе мейірбике емес, жалпы медицина маманы. Менің арманым орындалды. Мен өз қаламды сүйемін, осында тұратын адамдарды жақсы көремін. Мен осы қалада туып-өстім. Мен өз жұмысымда үлкен тәжірибе алдым және көптеген дос таптым. Әріптестеріммен жұмыс істеген бүкіл жылдарымды ерекше бағалаймын. Ия, кейбіреуіміз әртүрлі медициналық мекемелерде жұмыс істедік, бірақ бәріміз бір салада ел игілігі үшін еңбек еттік және ете береміз. Біздің уақытта бұл қиын болды. Бірақ біз қиын сәттерді бастан өткеріп, аман қалдық», - деп бөлісті Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қалалық паллиативті көмек орталығының директоры Гүлшара Урмурзина.






































Ключевые слова: Медицина, Алматы, Білім,
Наверх