Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда апатты үйлерді сүру мәселесі талқыланды

23 Июня 2021 19:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үй қорын қайта жаңарту бағдарламасы мен заманауи инфрақұрылым құру және қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру идеялары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Диалог алаңына қатысушылар тұрғын үй құрылысындағы инвестициялық әлеует мәселелерін, құрылысты жоспарлау кезіндегі әлеуметтік факторларды, проблемалар мен бағдарламаның әлеуетін талқылады.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 1930-1975 жылдар аралығында салынған екі қабатты 1427 ескі үй бар. Олардың көпшілігі Түрксіб ауданында (607 үй) орналасқан. Ескі үйлердің негізгі маңызды проблемалары: сейсмикалық және өрт қауіптілігі, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардың болмауы.

«Алматы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы« АҚ Басқарма төрағасы Асқар Білісбековтің айтуынша, «ескі» тұрғын үй деген ұғым жоқ, «апаттық» үйлер ұғымы бар.

«Қайта жаңарту бағдарламасы көптеген жылдар бойы талқыланып келеді. 2012-2015 жылдары бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Шамамен 56 үй сүрілді. Бұл – өте аз. Бұл жерде Әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясы осы бағдарламаның операторы болып табылады. Біз мұны қала әкімдігімен, Алматы Басжоспармен, Алматы қаласының бас сәулетшісімен тығыз ынтымақтастықта жасаймыз. Біз қоныс аударуға көмектесеміз, келіссөздер жүргіземіз және т.б.




Бүгінгі таңда ескі үйлердің басым бөлігі Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан. Бағдарламаға өзгерістер енгізуге қатысты заңнамалық сипаттағы мәселелер бар. Біз қазір ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Құрылыс комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен осы мәселені қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, мен мәслихатта сараптамалық кеңес құру туралы бастамамен шықтым. Бұл өкілді орган – тәуелсіз. Онда біз нақты шешім қабылдап, бағдарламаға өзгерістер енгіземіз деп үміттенемін. Күзде біраз түсінік болады деп үміттенемін. Бүгінде инвесторлар үшін уақыт шамасы тұрғысынан алғанда тартымсыз осы учаскелерге болашақта кіруге жақсы мүмкіндік болады», - деді Асқар Білісбеков.




Оның сөзінше, жалпы мәліметтерге сәйкес, бүгінде мегаполис тұрғындарының 75% астамы үйлерді сүру үшін дауыс берген.

«Қайта жаңарту бағдарламасы аясында ескі үйлерді бұзу барлық тұрғындардың 100 пайыз келісімімен ғана жүргізілетін болады. Егер олардың 10-ының 9-ы келісіп, 1-еуі келіспесе, жоба іске асырылмайды. Яғни, мәжбүрлі бұзу болмайды. Бағдарлама аясында 2021-2025 жылдары 708 ескі үйді ауыстыру жоспарлануда. Оның ішінде бюджет есебінен – 250 үй, жеке инвестициялар есебінен – 458 үй. 280 үй бойынша жұмыстар жүргізілуде. Болашақта 719 ескі үйді қосымша ауыстыру жоспарлануда. Оның 261-і бюджет есебінен, 458-і жеке инвесторлар есебінен», - деді А.Білісбеков.

Алматының бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов атап өткендей, қалада әрбір нүкте тартымды болуы тиіс.

«Қайта жаңарту бағдарламасы ескірген тұрғын үй иелерінің әл-ауқатын жақсарту мақсатында қабылданды. Қала бойынша бюджет есебінен ескі үйлерді ауыстыру мүмкін емес. Қайта жаңарту бағдарламасы инвестордың қаражатын ескере отырып, ескі тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған. Қаланың әрбір нүктесін қалай тартымды етуге болады? Ол үшін биік ғимараттар салу міндет емес. Мәселенің бәрі бағада жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс материалдары бағасының күрт өсуі байқалады және бұл, тіпті, эконом-класс жобаларының қымбаттауына әкелуде. Халық үшін ең бастысы – жайлы өмір сүру. Бұрын айтқанымыздай, кез келген тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде мектептер, балабақшалар, жасыл желектер болуы керек», - деп атап өтті Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.




Сәулетші Евгений Матвеевтің пайымынша, қайта жаңарту бағдарламасына қарсы шыққан азаматтарды нақты шарт алдына қою керек.

«Қайта жаңарту тақырыбы өте маңызды. Көптеген қалалар мен мемлекеттер осы кезеңдерден өтті. Бүгінде Алматы өз дамуында осындай деңгейге жетті. Ескі үйлерді бұзу туралы сөз болғанда, тұрғындардың 100 пайыздық келісімі туралы мәселе көтеріледі. Меніңше, бұл бағдарламаның қарсыластары мәселенің мәнін толық түсінбейді. Олардың алдында «келіспеушіліктің нақты себебі не?» деген сұрақ қою керек. Олар сайып келгенде, не қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге келіседі, не тығырыққа тіреледі«, - деп атап өтті сәулетші.







Авторы: Алпамыс Исраил


Ключевые слова: Алматы, Құрылыс, Тұрғын үй, Аймақ,
Наверх