Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 136 мыңнан астам үй жануарына чип салынды

25 Мая 2022 16:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үй жануарларына чип енгізу жургізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ветеринария қызметінің мәліметінше, чиптеудің нәтижесінде бүгінде Алматыда 136 246 үй жануары (90 035 – ит, 46 319 – мысық) ресми тіркелді.

«Тегін чиптеу бағдарламасы бойынша биыл қалада 15 мың ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр. Бұл шара қала аумағындағы үй жануарларының есебін жүргізуге, құтыру ауруына қарсы екпе мен дегельминтизацияны тиімді жоспарлауға ықпал етеді. Деректер қорына, ақпарат паспортына жануар мен оның иесі, микрочип нөмірі туралы ақпаратты міндетті түрде енгізу – келешекте үй жануарларының есебін жүргізу жұмысын толық белсенді етуге мүмкіндік береді», - делінеді ведомство хабарламасында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, микрочип өмір бойына жануардың терісінің астына енгізіледі. Онда 15 таңбалы саннан тұратын нөмір бар.

Айта кетейік, чиптеу жұмысын ветеринария қызметінің жұмысшылары аулаларды аралау кезінде ақысыз негізде жүргізеді.


Наверх