Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы-Өскемен трассасының су шайып кеткен бөлігінің тұсынан айналма жол салынды

24 Мая 2022 05:28

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Жаңбыр суының шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тасжолының 382-410 шақырымында жабылған жол ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір жолаушылар 200 шақырымдық айналма жол арқылы емес, шу шайып кеткен жолдың жанынан жасалған айналма жол арқылы қатынауда.

«Жол қозғалысы қалпына келтірілді. Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымындағы құбырлы су өткелдерін су шайып кетуіне байланысты айналма жолдар жасалып, жол қозғалысы қалпына келтірілді»,- делінген Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жариялаған хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы-Өскемен республикалық трассаның жабылғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, ҚазАвтожол «Алматы-Өскемен» трассасындағы су шайып кеткен жолды бір айда жөндейтінін мәлімдеді.

Автор Самал Қабышева
Ключевые слова: Құрылыс, Экология, Алматы облысы,
Наверх