Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысындағы бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар Жеңіс күнін атап өтті

10 Мая 2021 03:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер арасында салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір аталған мекемеде 500-ге жуық әйел жазасын өтеуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотталғандарды патриоттық тәрбиелеу бағытында «Олар әлемді қорғады» атты бағдарламасы көрсетілді.

Әйелдер 1939-1945 соғыс жылдарындағы көріністерді бейнеледі. Ол үшін сотталғандар қолда бар құралдардан автоматтар, пулеметтер, зениттік қондырғылар, мотоцикл, танк, ұшақ сияқты соғыс техникаларын, траншеялар, қираған ғимараттар мен соғыс жылдарына тән өзге де заттарды жасады. Мекеме әкімшілігі оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етуге көмек көрсетті.

Бұл іс-шара халықтың қиын жылдарда көрсеткен батылдығы мен ерлігін еске алуға мүмкіндік берді.

«Мекемеде сотталғандардың бастамасымен және әкімшіліктің қолдауымен жыл сайын Жеңіс күніне арналған осындай іс-шаралар өткізіледі. Бүгін міне, іс-шараға қатысушылар сұпрапыл соғыстың қиындықтары мен Жеңістің қуанышты сәттерін ейнелеуге тырысты»,-деп атап өтті мекеме басшысы Мадияр Қоңқанов.

Сонымен қатар, мекемеде соталғандар Отан үшін, еліміздің болашағы үшін жанын қиған адамдарды еске алды.

Іс-шара соңында қаза болғандарды еске алуға бір минут үнсіздік жарияланды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қауіпсіздігі орта мекемесінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында туыстары мен жақындарынан айрылған 300-ден астам әйел бар.


Автор Самал Қабышева
Ключевые слова: Жеңіс күні, Алматы облысы,
Наверх