Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 4 мыңнан астам оқушы Pfizer вакцинасын салдырды

6 Декабря 2021 12:24

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 12 мен 18 жас аралығындағы 4617 жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қаласына 11 қарашада жүкті және бала емізетін әйелдер және жасөспірімдер үшін 46 800 доза мөлшерінде Pfizer вакцинасының бірінші партиясы әкелінді.

«Бүгінгі күні аталған вакцинасының бірінші компонентін 12 мен 18 жас аралығындағы 4617 жасөспірім алды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ересек топтан лактация кезеңіндегі 762 әйел және жүктілік кезінде 236 әйел аталған вакцинаны салдырған.

«22 қарашада Алматы облысының аумағында халықты коронавирустық инфекциядан ревакцинациялау курсы басталды. Ревакцинация - COVID-19 вакцинасынан кейін иммунитетті сақтауға бағытталған қайта егу.

Ревакцинацияның бірінші кезеңінен медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен күштік құрылымдардың қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдар өтеді.

Сондай-ақ, дербес тексерілген және антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдарға ревакцинация курсынан өтуге кеңес беріледі»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні облыста ревакцинация курсынан 2624 адам өтті.

Оның ішінде 2119 медицина қызметкерлері, 109 педагог, 60 жастан асқан 54 адам және өз бетінше тексерілген 318 адам ревакцинацияланды.


Наверх