Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы мәйітханасынан ұрланған мүрделердің жеке басы анықтады

20 Января 2022 20:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәйітханасынан денелері зерттелмей әкетілген мүрделердің жеке басы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық Полиция департаменті мәселе денелері зерттелмей әкетілген мәйіттердің жерленген орындарының табылғаны туралы болып отырғанын хабарлайды.

Олардың жеке басы анықталды.

Сот-медициналық сараптамалар ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады», - делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Алматыда содырлар жерленген жасырын зират анықталды.

Қаланың бас полицейі Қанат Таймерденов жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мәйітханаға жасалған шабуылдар салдарынан белгісіз біреулер 41 адамның денесін алып кеткенін айтқан болатын.


Наверх