Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы тағайындалды

15 Июня 2021 12:41

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Данияр Қырықбаев Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастады. 2007-2009 жылдары – «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да жұмыс істеді. 2009 жылы – «Kazsatnet» АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі. 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап сот жүйесінде жұмыс істейді. 2016-2019 жылдары Алматы қаласы бойынша соттар әкімгерінің басшысы болды.

Қазіргі тағайындауға дейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы филиалының директоры болып қызмет етті.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Тағайындау, Алматы, Тұрғын үй,
Наверх