Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайында 47 жастағы ер адам полицейдің ар-намысына тигені үшін ұсталды

18 Октября 2021 14:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әуежайында полиция Алматы қаласының 47 жастағы тұрғынының билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Ол мас күйінде айналасындағыларға қоқан-лоқы жасап, заңды талаптарға бағынбаған, сондай-ақ полиция қызметкерін балағаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факт ҚР ҚК 378-бабының 2-тармағы (Билік өкілін жария түрде қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлеріне тіл тигізуге, бағынбауға және күш қолдануға қатысты 20 фактіні тіркеді. Жоғарыда аталған барлық қылмыстық құқық бұзушылық факті бойынша материалдар сотқа жолданды.


Ключевые слова: Полиция, Заң, Оқиға, Алматы,
Наверх