Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 360 миллионнан асты

28 Января 2022 07:14

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, әлемде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 360 миллионнан асты, 5 миллион 62 мың адам қайтыс болған,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбі күні ДДҰ-ға түскен деректерге қарағанда, 578 392 адам ауру жұқтырған және 5 620 865 адам көз жұмған. Ауруды жұқтырғандар саны бір күнде 3 395 352-ге, ал қайтыс болғандар 10 176-ға өсті.

Ең көп індетке шалдыққандар АҚШ-та тіркелген - 71 812 665 адам, одан кейін Үндістан (40 371 500), Бразилия (24 311 317), Франция (17 252 793) және Ұлыбритания (16 149 323) келеді. Сондай- ақ ең көп өлім саны Құрама Штаттарда – 866 039, екінші орында Бразилия (623 843), үшінші орында Үндістан (491 700). Одан кейін Ресей (328 770) және Мексика (303 776) тұр.


Ключевые слова: Медицина, Әлемдегі коронавирус,
Наверх