Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбенің шалғай ауылында 100 орынды мектеп ашылды

24 Января 2022 01:53

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңатаң ауылында 100 орынды мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңатаң ауылындағы мектептің құрылысына 452 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров облыс әкімі Оңдасын Оразалинге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндап алдағы жылдың міндеттерін атады.

«Ауданда Мемлекет басшысының міндеттері мен сіздің жұмыс сапарыңыз барысында берген тапсырмаларыңызды
орындау шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, 2023 жылға қарай тұрғындарды сумен 100% қамтуды жоспарлап отырмыз. Биыл ауылды 13 сумен қамту, 5 газбен қамту жобалары жүзеге асырылмақ. Бірнеше елді мекенде спорт кешенінің, медициналық пункт пен дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп жатыр. Былтыр үш орта мектеп күрделі жөндеуден, 17 мектеп шағын жөндеуден өтті. 2022 жылы Сағыз орта мектебін күрделі жөндеп, Оймауыт ауылында С.Жиенбаев атындағы 150 орындық орта мектептің құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. 2,4 млрд теңгеге 17 жол жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз»,- деді Қайрат Отаров. Сапар кезінде аймақ басшысы Жаңатаң ауылының тұрғындарымен жүздесіп, өтініш тілектерін тыңдады. Сауалдарына жауап берді.
Оңдасын Оразалин: «Өңір экономикасы тұрақты дамып келеді, мемлекет тиісті қолдауды көрсетуде. Өзекті сұрақтардың бірі газдандыруға байланысты болды, бірақ ол да шешіледі. Біз сіздерді тыңдап, ұсыныстарыңызды мүмкіндігінше қолдауға дайынбыз. Әлеуметтік нысандар салу, халықтың өмір сапасын көтеруге жағдай жасау - біздің міндетіміз, еңбектену, табысты көтеріп, өскелең ұрпаққа лайықты тәрбие беру - сіздердің міндет»- деп сөзін түйіндеді.
Жұмыс бағдарламасы аясында Оңдасын Оразалин «Мұрат» шаруа қожалығына да барды.
Қожалық басшысы Ербол Тасымов мал шаруашылығымен 2020 жылдан бері айналысатынын айтты. 3450 гектар жайылымы, 139 бас ірі қара, 35 бас ұсақ мал он жылқысы бар. Былтыр қожалық субсидия алып, мемлекеттің 17,3 млн. теңге көлеміндегі қолдауын пайдаланды. Сол қаражатқа арнайы техникалар жаңартылды. Тамшылатып суаруға, сүтті мал шаруашылығын дамытуға және сүт фермасын ашуға субсидия алу жоспарда бар.
«Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мен асыл тұқымды бұқалар, жем-шөп сатып алу үшін субсидия ала алдым, трактор сатып алдым, су алу үшін ұңғыма бұрғылауға көмек және т.б.
алдым. Қазір мен ет бағытын дамытып жатырмын, сүт бағытындағы жұмысты бастағым келеді. Соған байланысты шаруа қожалығын электрлендіруге қолдау көрсетуді сұраймын»,- деді Ербол Тасымов облыс әкіміне.
Өңір басшысы Байғанин ауданы мен ауыл шаруашылығы басшылығына осы сұрақты қарап, оны шешу үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында барлық тиісті көмекті көрсетуді тапсырды.


Наверх