Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ақтөбемұнайгаз» АҚ тендер өткізгенде адал бәсеке қағидаларын бұзған

22 Октября 2021 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілері байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаментке өтініш келіп түсті.

Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ құбыр сатып алу кезінде өзінің конкурстық құжаттамасында құбыр өнімдерін нақты жеткізушіден сатып алуды көздейтін техникалық шектеулерді көрсетеді, сол арқылы адал бәсекелестік қағидаттарын бұзады және жеткізушілердің кең тобының конкурсқа қатысуға қолжетімділігін шектейді делінген.

Монополияға қарсы департамент өтінішті зерделеу және онымен жұмыс істеу барысында баяндалған мәліметтердің дұрыстығын анықтады.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ құбырларын сатып алу ерекшелігінде көрсетілген құбыр өнімдерінің техникалық сипаттамалары тендерге CNPC тобына кіретін бір ғана компанияның қатысуына мүмкіндік берді.

Осылайша, адал бәсекелестік қағидаттары бұзылып, өнім берушілердің кең ауқымының конкурсқа қатысуға қолжетімділігі шектелді.

Жосықсыз бәсекенің анықталған белгілері негізінде Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент оларды жою бойынша шара қабылдау үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ атына хабарлама шығарды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады, алайда хабарламаны орындау үшін қосымша уақыт талап етілмегендіктен, өтінішхаттан бас тартылды.

Нәтижесінде монополияға қарсы органның хабарламасы толық көлемде орындалды, оның ішінде құбыр сатып алуға тендердің күші жойылды.


Наверх