Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

20 Января 2022 20:24

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі адам жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады. Күдіктілер көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қаңтар күні сағат түнгі 03:00-де Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылындағы жанар жағармай құю бекетіне белгісіз екі адам баса көктеп кірген. Олар операторды балғамен ұрып, кассирді пышақпен қорқытып, кассадан 100 мың теңгеден астам ақша мен ұялы телефонды алып кеткен.

«Сонымен бірге бірнеше қорап темекі алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Ақтөбе облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдіктіні анықталып, ұсталды. Күдіктілерден ұрланған заттар тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің «Қарақшылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.


Автор Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Ақтөбе облысы, Қылмыспен күрес,
Наверх