Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде сайлау кезінде заңсыздық тіркелген жоқ – байқаушы

25 Июля 2021 20:21

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Өңірдегі сайлау науқанын 480 байқаушы өз назарына алған. Партиялық емес бақылау орталығы облыстық филиалының хабарлауынша, дауыс беру барысында заңсыздық тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Ақтөбе облысында 35 ауылдық округ әкімі сайланады. Сайлаушылардың тікелей дауыс беруі 74 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Саяси науқанды 480 байқаушы бақылап отыр. Дауыс беру барысында өрескел құқық бұзушылық болған жоқ. Жалпы, сайлау процесі штаттық режимде өтуде. Сайлау барысында халықтың жоғары белсенділігін байқаймыз. Сондай-ақ, сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Азаматтардың қауіпсіздігіне басымдық берілген. Барлық учаскелерде санитайзер бар, комиссия мүшелері, байқаушылар масқа тағып отыр», - деді «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ АОФ штаб төрағасы¤ Ерәділ Уббиниязов.

Айтып өтейік, «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы атынан сайлауды бақылап отырған байқаушылардың 80 пайызы вакцина салдырған. Өзгесінде ПТР анықтама бар.

Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, тізімге енген сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді.

Яғни, 22 300-ден астам адам таңдауын жасады.


Наверх