Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда 2 млн теңге үшін 21 жерден пышақ салған қылмыскерге сот үкімі шықты

24 Сентября 2021 14:51

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 2 млн теңге үшін 21 жерден пышақ салған қылмыскерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 5 шағын аудандағы 28 үйдің пәтерінде болған. 24 сәуірде кешке екі тұрғынның арасында жанжал болады. Салдарынан ер адам әйелге 21 рет пышақ салды. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Сотталушы құны 150 000 теңге тұратын «IPhone 7« ұялы телефонын және жәбірленушіге тиесілі банк картасын алады. Қылмыскер жәбірленушінің далада ойнап жүрген баласынан банк карта мен телефонның пин-кодын білді. Содан кейін шоттан 2 000 000 теңге алып, қалған 341 454, 18 теңгені банктік мобильді қосымша арқылы аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Тергеу ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) және 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Ұрлық) бойынша жүргізілді.

«Сотталған адамның іс-әрекеті іс материалдарымен дәлелденді. Ол өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады сотта.


Автор Қаракөз Марат
Ключевые слова: Маңғыстау облысы, Қылмыспен күрес, Сот,
Наверх