Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

23 Октября 2021 15:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық атлет гір көтеру спортынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Венгрия елінде гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты жарысқа 32 елдің ең мықты спортшылары өнер көрсетуде.

«Ұлттық құраманың сапында болған ақмолалық спортшы Жамбыл Оспанов 95 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді», - деді ведомстводан.

Жамбыл Ақмола облысының Астрахан ауданында бапкері Бақтияр Жұмабековтың жетекшілігімен жаттығады.


Автор Аслан Оспанов
Ключевые слова: Спорт, Ақмола облысы,
Наверх