Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада мотоцикл тізгіндеген 48 жастағы жүргізуші мерт болды

23 Июля 2021 23:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында «Ақылбай-Қызылағаш» автожолының 11-шақырымында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғыны жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қызылағаш ауылының маңында болған.

«Рейсер» мотоциклін тізгіндеген тұрғын рөлге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен жолдың шетіне ұшып кеткен.

Сол жерде мотоцикл аударылып, 48 жастағы жүргізуші оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары мотоциклистерге арнайы қорғаныс құралдарын қолдану, өте мұқият болу, белгіленген жылдамдық режимін, жол жүру кезектілігін сақтау және жолда күрт маневр жасаудан аулақ болу қажеттігін ескертеді.

Ақмола полицейлері мотокөлік ұшырайтын жол апатының негізгі себептерін айтты.

Олар - жылдамдық режимінің артуы, мотоциклшіні кенеттен тежеуге итермелейтін автомобильшілердің күтпеген маневрлері, сондай-ақ мотоциклистің көлікті қауіпті жүргізуі.

Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы да - апатқа әкелетін фактор.



Автор Жанат Қапалбаева
Ключевые слова: Ақмола облысы, Көлік, Жол, Оқиға,
Наверх