Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты салынып жатыр

27 Сентября 2021 17:33

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Аршалы ауданында жаңа кірпіш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Самат Еңсебаевтың айтуынша, кірпіш зауытының құрылысы аудандағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Мұндағы инвестиция көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорында жылына 120 миллион дана кірпіш шығарылатын болады.




«Жыл соңына дейін нысанға барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, оның ішінде кірме жолдар, газ құбыры торабы, электр желісі тартылып, теміржол тұйығы салынатын болады», - деді Самат Еңсебаев.

Ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы атап өткендей, ауданда құрылыс саласы өңір үшін перспективалы бағыттардың бірі саналады.

«Қарқынды дамып келе жатқан, елорда өзінің сәулетті келбетін өзгертіп қана қоймай өңірде сапалы құрылыс материалдарына деген сұранысты арттырып отыр. Сондықтан, бұл кірпіш зауытының өнімдеріне сұраныс мол болатыны сөзсіз. Сонымен бірге, бұл кәсіпорынның экономикалық тиімділігінен бөлек, әлеуметтік жағынан да пайдасы болады. Іске қосылған кезде 230 жаңа жұмыс орны ашылады», - деп толықтырды Самат Еңсебаев.





Автор Аслан Оспанов
Ключевые слова: Ақмола облысы, Өнеркәсіп, Құрылыс,
Наверх