Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға жатқызылды

17 Мая 2021 16:14

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты «Көкшетау-Атбасар» автожолының 14-ші шақырымында болған. Бұл туралы мамырдың 16-да сағат 14:45 шамасында Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне хабарланды.

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, Көкшетау бағытында жүріп келе жатқан «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Көкшетау қаласының тұрғыны, 40 жастағы әйел басқарған «Nissan maxima» жеңіл көлігімен соқтығысты. Қатты соққыдан «Nissan maxima» автокөлігі өзге «Mitsubishi Canter» автокөлігіне барып соғылды», - деді ведомстводан.




Жол апаты салдарынан «Mitsubishi Canter» автокөлігінің жүргізушісі, Сондай-ақ, «Nissan maxima» жеңіл көлігінің жолаушылары 37 жастағы ер адам мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар ауруханаға жатқызылды.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылымстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі терегу шаралары жүргізілуде. «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.








Автор Аслан Оспанов
Ключевые слова: Оқиға, Көлік, Ақмола облысы,
Наверх