Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында балалардың әлеуетін дамыту үшін қандай жағдай жасалған

29 Ноября 2021 22:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде Ақмола облысында балалардың әлеуетін дамытып, шығармашылық шабытын ашып және талантын таныту мақсатында қандай жағдай жасалып жатқаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында ұйымдастырылған баспасөз тураы барысында БАҚ өкілдеріне Көкшетауда өткен жылы ашылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Болашақ сарайының» жұмысы таныстырылды.

Бүгінде жаңа сарайда 111 үйірме жұмыс істеп тұр және оған 3 мыңнан астам бала қатысып жатыр.

Балалар мен жасөспірімдер сарайы 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.

Атап айтқанда, ғылыми-зияткерлік, шығармашылық, спорт, медиа, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға да көңіл бөлінген. Және мұнда 97 педагог жұмыс істейді.

Мекеме басшысы Айнагүл Балташеваның айтуынша, негізгі миссия - жас ұрпақты жаһандық бәсекелестікке бейімдеу.

Сол сияқты заманауи технологиялар мен ғылыми зерттеулер арқылы балалардың сыни ойлау жүйесін қалыптастыру.

Одан бөлек балаларды ғылымға баулиды. Ол үшін биотехнология зертханасы ашылды, онда микробиология, вирусология бойынша зерттеулер жүргізіледі.

«Бұрын-соңды Көкшетауда мұндай зертхана болмаған. Біздің зертхана заманауи технологиямен жабдықталған. Ғылыми зерттеу орталығында 240 оқушы білім алып жатыр. Айтар болсам, бүгін экология зертханасында жас ғалымдар атмосфералық ауаның құрамын зерттеп жатыр. Біз оқушыларымыздың еңбегін ерекше мақтан етеміз. Мысалы, біздің оқушымыз Тамила Жабасова халықаралық байқауда бірінші орын алып, «ТМД-ның үздік жас ғалымы» атағына ие болды. Ол судың құрамын зерттеп, сүзгілерді тазалау үшін әдісін ұсынған болатын», - деді «Болашақ сарайы» ғылыми-зияткерлік бөлімнің меңгерушісі Еділ Айшық.

Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне назарына шығармашылық бөлімнің тәрбиеленушісі Рамина Бауыржанның «Туған жерім-алтын бесігім» атты картинасы ұсынылды.

Аталған туынды Мәскеуде өткен халықаралық байқауда бас жүлдені иеленіпті.

«Бізде сәндік-қолданбалы, қыш өнері, ағаш ою секциясымен қатар, хореография және музыка үйірмесі бар. Біздің сарайдың мақтанышы-қыш. Балалар 3 түсті балшықпен жұмыс істейді. Бұл - таза табиғи өнім. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арт-терапия үйірмесі іске қосылған», - дейді шығармашылық бөлім басшысы Әсет Байжолов.

Оның айтуынша, 6-дан 21 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін шығармашылық үйірмелерге қатысу тегін.

Қазір шығармашылық үйірмелерде барлығы 1400-ге жуық бала бара тәлім алып жатыр.


Автор Әли Ибраев
Ключевые слова: Аймақ, Спорт, Мәдениет, Оқушы, Білім, Ақмола облысы,
Наверх