Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева тарихи сериалдар туралы: Орынды сын естуге әрқашан дайынбыз

2 Декабря 2021 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kazmedia орталығында өткен тарихи сериалдардың таныстырылымында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева тарихи мазмұндағы контенттің маңызы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кино түсіру, соның ішінде тарихи медиаөнім шығару – бір сәттік қызық дүние жасау емес. Бұл – жоғары сапаны, терең мазмұнды қажет ететін күрделі сала. Соның ішінде әсіресе тарихи сериалдар – ұрпақ санасын қалыптастыратын идеологиялық құрал. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы мәселеге ерекше назар аударған болатын. Мұның өзіндік мәні бар. Тәуелсіздіктің құнын біліп, оның қадір-қасиетін бағалау үшін біз өткенімізді ұмытпауымыз керек. Тарихта қандай жолдардан өттік, қандай тұлғалар болды? Бәрін ұрпаққа ұғындыру керек. Сондықтан да Президент ұлт тұлғаларын насихаттайтын тарихи сериалдарды көбейтуді тапсырды. Осы сериалдар арқылы біз өскелең ұрпаққа тарихи тұлғалар мен олардың өнегелі өмірін таныстырамыз», - деген Аида Балаева Qazaqstan телеарнасы түсірген 6 тарихи сериалдың көрермен назарына жуықта көгілдір экраннан ұсынылатынын, негізгі бағаны сол көрермен беретінін атады.

«Әрине, мінсіз дүние болмайды. Сондықтан тек қана мақтау күтіп отырмай, орынды сын естуге дайынбыз. Ол өте маңызды. Сіздердің әділ бағаларыңыз, ескертулеріңіз, шынайы пікірлеріңіз арқылы кемшіліктер анықталады, тәжірие жиналып, келесі өнімдердің сапасын арттыруға септігін тигізеді», - деді министр.


Наверх