Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

9 мың шақырым жүрген француз велосаяхатшысы сапарын Алматыда аяқтады

17 Сентября 2021 12:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Францияның Ренн қаласы мен Алматы бауырластығының 30 жылдығы аясындағы велошеру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Алматы қаласы мен Францияның Бретань аймағының астанасы Ренн қаласы арасындағы бауырластыққа 30 жыл толды. Осыған орай, 44 жастағы Лоран Маэ өз елінен Алматы қаласына дейін велошеру өткізді.

3,5 жарым ай ішінде 9 мың шақырым жүріп өткен саяхашты велошеруін Алматы қаласында аяқтады.

Саяхатшыны қалаға кіре берісте «Almaty Cycling Team» континентальды команданың велосипедшілері қарсы алып, «Қазақстанның Тәуелсіздігі» монументіне алып барды. Ол жерде қала әкімшілігі оны қарсы алды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы мен Реннің арасындағы бауырластық Тәуелсіздіктің таңында, 1991 жылы басталғанын атап өтті. Өз кезегінде велосаяхатшы Лоран Маэ Ренн қаласының мэрі Натали Аппердің хатын оқып берді.




«Бауырластығына 30 жыл толған Ренн мен Алматы ынтымақтастық пен достықты одан әрі нығайтуға ниетті. Лоран Маэнің ерлігі – осының айқын дәлелі. Бауырластығымыз, достығымыз нығая берсін», - деді Францияның Бас консулы Алексис Шахтахтинский.

«Алматы-Ренн және әлем қалалары достығы қоғамының» вице-президенті Айгүл Қасымбек екі қала арасындағы достықты нығайту мақсатында қандай шаралардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Алматы мектептері мен жоғары оқу орындарында француз тілі үйретіледі.

Айта кетерлігі, Лоран Маэ 15 жасынан бастап Ұлы Жібек жолын көруді және онымен жүріп өтуді армандаған екен.

«Қазақстанға келген бойда бәрі жақсы өтіп жатыр. Мен Шымкент, Тараз, Түркістан, Шу қалаларында болдым және қазақтардың мені өте жылы қарсы алғанын айтқым келеді. Еуропада болғанымда жаңбыр көп жауды, кейде қар астында қалған кездерім болды. Бірақ, Қазақстанға келгеннен кейін барлық қиындықтар мен қолайсыз ауа райы артта қалды. Мен велосипедпен саяхатқа шыққан кезде үш мақсатты алдыма қойдым. Ренн-Алматы қалаларының 30 жылдық бауырластығын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту және сіздің елді көру жөніндегі көптен бергі арманымды іске асыру. Соның барлығы орындалды», - деді Лоран Маэ.





Автор Думан Арғынгелді
Ключевые слова: Алматы, Спорт, Қазақстанның сыртқы саясаты,
Наверх