Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

5 градусқа дейін суытады: Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

21 Июня 2021 15:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 22-24 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде елдің батысында күн ыстық болады.

«Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон жырасы әсер етеді, онымен найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады.

Солтүстікте, шығыста және орталықта температура түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстікте түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады», - делінген синоптиктер мәліметінде.


Ключевые слова: Қазгидромет, Ауа райы,
Наверх