Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

27 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

26 Мая 2022 21:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 27 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде Балалар жылы аясында «Бақытты бала» атты «Мейірім» балалар шығармашылығының ІV инклюзивті музейлік фестивалі өтеді.

10.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «open space» форматында «Кітапхана мен архив – ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі» кәсіби сессиясын өткізеді.

10.30-да «Amanat» партиясының баспасөз орталығында «Әлеумет» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік-зерттеу жұмысының нәтижесі туралы баспасөз маслихаты өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

12.00-де Ұлттық Олимпиада комитеті бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиевтің бастамасымен республикалық референдумды қолдау шарасы өтеді. Шара Қазақстанның спорт қауымдастығының қатысуымен «MTEX management» және «Қазақстандық спортшылар одағы» үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылады.

19.00-де Nur Alem музейінде брейкингтен Red Bull BC One сайысының Қазақстан Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді. Брейкерлер республикалық чемпионатқа қатысу құқығы үшін күресетін болады. Жарыс жеңімпазы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін Әлемдік финалда Қазақстан намысын қорғайды.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Сәкен – сұңқар» драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» музыкалық-поэтикалық қойылымы көрсетіледі.


Автор Айжан Серікжанқызы
Ключевые слова: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Наверх