Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 қазан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

27 Октября 2021 06:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 27 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінде жаңбыр күтіледі, елдің батысы, оңтүстік-шығысы жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік—батысында, орталығында түнде және таңертең тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Казақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман, түнде шығысында, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының батысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыс, солтсүтік-батыстың таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ключевые слова: Қазгидромет, Ауа райы,
Наверх