Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

25 Июля 2021 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 25 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда Сауда қызметкерлері күні

Сауда саласындағы қызметкерлердің кәсіби мейрамы жыл сайын шілденің төртінші жексенбісінде аталып өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 Қаулысымен бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1905 жылы Қоянды жәрмеңкесіне жиналғандар патшаның отаршылдық зорлығына қарсы петиция қабылдады. Ресей Министрлер кеңесі төрағасына жолданған бұл петицияда қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, қазақтар үшін жеке басқаруды ұйымдастыру, цензураны жою, қазақ тілінде іс жүргізуді ресми енгізу, Мемлекеттік думаны шақыру жобаларын әзірлеу жөніндегі кеңес жұмысына қазақ делегаттарын қатыстыру сияқты талаптарын қойды.

1957 жылы Қазақ ССР ҒА Физикалық-техникалық институтының негізінде Ядролық физика институты құрылды. Институтты ұйымдастырушылар – Қазақ ССР ҒА-ның президенті, академик Қаныш Сәтбаев және ССР ҒА-ның академигі Игорь Курчатов болды.

1991 жылы Орынбор облысының «Жаңа Айқап» газетінің алғашқы саны жарыққа шықты. Басылымда Орынбор өлкесіндегі қазақ халқының этномәдени өмірі, тарихы мен этнографиясы, салт-дәстүрлері, сондай-ақ өлкенің еңбегі сіңген қазақ тұлғаларының биографиялары жарияланды.

2007 жылы Қазақстанда «Халық батыры» республикалық сыйлығы бекітілді. Ол сыйлық қоғамға, Қазақстан халқына қызмет еткен жоғары жетістігі үшін беріледі және ол мемлекеттік немесе саяси сыйлыққа жатпайды. Қазақстанның әлеуметтік және қоғам өміріне араласып, өзінің үлесін қосқан әрбір азамат, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар оның иегері бола алады. Ал саясаткерлер, саяси партиялар мен қозғалыстар оның иегері бола алмайды.

2011 жылы Астанада Эстония Республикасы елшілігі жұмысын бастады. Маргус Солнсон Эстонияның істеріне уақытша сенім білдірген тұлғасы болып тағайындалды.

2013 жылы Серік Сәпиев спорт саласындағы зор жетістіктері үшін «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» құрметті атағын алды. Сапиев бұл атақ берілген әлемдегі 13-ші спортшы атанды. «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» – бұл жас ұрпақ үшін дене тәрбиесі мен спортты насихаттай отырып, ЮНЕСКО идеясын күллі әлемге таратуға ықпал ететін әлемдік дейгейдегі көрнекті спортшыларға берілетін атақ.

2014 жылы петропавлдық жас пианиношылар Ангелина Онищенко мен Виолетта Кромина Австрияның Зальцбург қаласында өткен халықаралық конкурс-фестивальдің жеңімпазы атанды.

2016 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Алакөл жағалауында мұқтаж адамдарға арналған Қазақстандағы алғашқы «Асар» пансионатының ресми ашылуы болды.

2016 жылы Қазақстан мен Бразилия визасыз режім туралы келісімге қол қойды. Енді осы екі елдің азаматтарының визасыз 30 күнге дейін сапарға шығуына құқықтары бар.

2018 жылы Қазақстан Үкіметі Түркістан облысының, Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын бекітті.

2018 жылы Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне Қазақстандағы екі биосфералық қорық кірді. ЮНЕСКО МАБ халықаралық үйлестіру кеңесінің шешімімен халықаралық биосфералық резерваттар желісіне «Шарын» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері енгізілді.

2019 жылы Қазақстанда Тұрғындар денсаулығының электронды паспорты ресми түрде іске қосылған.

Электронды денсаулық паспортында емделушіге қызмет көрсететін және тіркелген медициналық ұйым, учаскелік дәрігердің аты-жөні, жазылған рецептілер, препараттың атауы, рецепт жазып берілген күн, рецент берген дәріхана, стационарларда емдеуге жатқызу туралы, диагноз, хаттама нөмірі, науқастың коды және атауы, ауруы бойынша диспансерлік есепке қойылған күні туралы ақпараттар көрсетіледі.

Бұл қызмет қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы және ЭЦҚ көмегінсіз iOS, Android жүйелері үшін мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді.


Ключевые слова: Күнтізбе,
Наверх