Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

23 шілде: Туған күн иелері

23 Июля 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 23 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




52 жыл бұрын (1969) Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Әсембекұлы Малыбаев дүниеге келді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында туған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жамбыл арнайы орта милиция мектебін бітірген. 1998 жылы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары милиция мектебін, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер.

Еңбек жолы: 1987 жылдың қараша айынан бастап 1989 жылдың қараша айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған;1990 жылдың 25 мамырынан бастап Алматы қаласы ІІБ МАИ жол милициясы жеке батальонының жол милициясы аға инспекторы; 1996 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы ҚІІБ ЖПБ жол полициясы жеке батальонының взвод командирі; 2002 жылдың 08 қазанынан бастап Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы мамандандырылған жеке батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары; 2005 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы ІІД ЖПБ жол полициясы жеке батальонының командирі; 2007 жылдың 03 желтоқсанынан бастап Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары; 2008 жылдың 15 сәуірінен бастап Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары; 2013 жылдың 02 сәуірінен бастап Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы; 2013 жылдың 08 қазанынан бастап Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы; 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы; 2018 жылдың 05 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 22 мамырына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың мамырынан бастап.




49 жыл бұрын (1972) «Қазақстанның мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Мұстафаұлы Матаев дүниеге келген.

Қызылордада туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1994); Қызылорда мемлекеттік университетін (1999); Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2002); Йель университетінің менеджмент мектебін (АҚШ) (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қызылорда қаласы бойынша салық инспекциясының маманы (1994-1996); Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, басшы орынбасары, бөлім басшысы, басқарма басшысы, төраға орынбасары (1996-2001); Қызылорда облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі басқарма басшысы (2005-2006); Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (2006); Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі (2006-2007); Қызылорда облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2007); Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (2007-2008); Қызыорда облысындағы «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ өкілдігі директорының орынбасары (2008-2010); Қызылорда облысы бойынша «Оңтүстік» қаржылық компания» АҚ филиалының директоры (2010-2012); Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономиалық комссияда жұмыс істегенде МЖӘ саласындағы мемлекетаралық өзара әрекет мәселелерімен айналысқан (2012-2017); «ҚМЖӘО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2017-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы мамыр айында кірісті.




47 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының РФ Қазан қаласындағы бас консулы Жанболат Ахатұлы Мурзалин дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Темір ауданының Темір қаласында туған. Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген (1995), тарих және география мұғалімі. Саяси ғылымдардың кандидаты (2000).

Еңбек жолы: 1995 жылдан Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының философия кафедрасының оқытушысы. 1997 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің зерттеуші-үйренушісі, аспиранты. 2000 жылдан Қазақстан даму институты Әлеуметтік зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, директоры. 2001 жылдан «Стратегия» талдама орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары. 2002 жылдан Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің кеңес берушісі. 2003 жылдан Қазақстан Республикасы Прөзидентінің Әкімшілігі Кеңсесінің бас сарапшысы. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің ақпараттық- сарапшылық тобының бас сарапшысы. 2005 жылдың қаңтарынан Астана қаласы әкімі аппаратының бақылау-инспекторлық және мамандармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдың ақпанынан Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры. 2006 жылдан Алматы қаласы әкімінің аппарат жетекшісі. 2008 жылдан бері Астана қаласы әкімінің аппарат жетекшісі. 2008-2016 жылдары ҚР Қоорғаныс министрлігі аппарат жетекшісінің міндетін атқарушы. 2016-2017 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімінің меңгерушісі; 2017-2019 жылдары Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігінің кеңесшісі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусым айынан.


Ключевые слова: Күнтізбе,
Наверх