Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

23 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

23 Июля 2021 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 23 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік киттер мен дельфиндер күні

Бұл күн 200 жылға жалғасқан аяусыз қырып-жоюдан кейін,1986 жылы киттерді аулауға тыйым салғаннан бастап Киттер қасапханасы халықаралық комиссиясы (International Whaling Commission: IWC) тарапынан бекітілді. Тыйым бүгінгі күнге дейін өз күшінде және барлық әлемде киттерді аулауға, сондай-ақ олардың саудасына рұқсат етілмейтіндігін білдіреді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы Грузия Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Колумбия Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

1999 жылы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы қабылданды.

2004 жылы Қазақстанда мұнай сапасы банкі құрылды. Компанияның көмірсутекті шикізат базасы мұнайды тасымалдау, сақтаудың түрлі кезеңдерінде оны теңестіруге жол ашады.

2010 жылы Франция Сенатының Қаржы жөніндегі комиссиясының Астана және Алматы қалаларына сапары барысында комиссия төрағасы Жан Артюи Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қаржылай гуманитарлық көмек берілетінін жеткізді. Франция елшілігі «Жансүгіров қорына» 30 мың еуро (5,7 млн теңге) мөлшерінде қаражат аударғанын мәлім етті. Қаржылай көмек Қызылағаш ауылындағы 560 үйді сұйылтылған газбен қамтамасыз ету және газ плиталарын сатып алуға жұмсалды.

2013 жылы Парижде Euronews тәуліктік ақпараттық арнасы мен «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» агенттігінің Euronews Network бірлестігіне қосылуы туралы келісімге қол қойды.Осы арқылы «Хабар» агенттігі Euronews жаңалық контентін пайдалану және қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және спорт тақырыптарында Euronews қызметкерлері әзірлеген жоғары сапалы материалдарды алу мүмкіндігіне ие болды.

2019 жылы Байқоңыр ғарыш айлағына ұшу алдындағы дайындық үшін Skybot F-850 антропоморфты роботы жеткізілді. Skybot F-850 адам тектес роботын «Android техникасы» компаниясы мен ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша Перспективалық зерттеулер қоры жасаған. Ол орбитада 1,5 апта болып, содан кейін Жерге оралды.

2019 жылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» (РҒБО) АҚ және Intelsat Global Sales & Marketing Ltd (Intelsat GS&M) халықаралық спутниктік байланыс ұйымы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, «РҒБО» АҚ мен Intelsat GS&М өкілдерінің кездесуі кезінде келешекте бірлескен байланыс спутнигін жасау, сондай-ақ Алматы облысындағы «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы базасында қазақстандық телепортты пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.


Ключевые слова: Күнтізбе,
Наверх