Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

3 Декабря 2021 13:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер мектеп құрылысы мәселесін айтар болсақ, Тәуелсіздік жылдарының ішінде 2 мыңнан астам мектеп салынды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап 2025 жылы кемінде 1 мың мектеп салу міндеті алдымызда тұр. Қазір оқушы орны тапшылығына қатысты үлкен проблеманы көріп отырмыз. Биыл 150 мың түлек мектеп бітіріп шықса, ал 1 сыныпқа 400 мыңға жуық баланы қабылдадық. Бір жылдағы айырмашылықтың өзі 250 мың баланы құрап отыр. Мектептерді салмасақ, 2025 жылға қарай кемінде 1 млн қосымша оқу орны қажеттілігі туындайды. Проблеманы алдын ала шешу үшін Президент тағы 1 мың мектеп салуға тапырма берді», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, желтоқсан айында 200-ден астам мектеп пайдалауға беріледі. Осылайша, 2025 жылға дейін 1 000 жаңа мектеп салынады.

«Бір мың мектеп кемінде 100 мың жаңа педагогикалық мөлшерлемені қосымша құруды талап етеді. Бізге 100 мың мұғалім қажет болады. Дәл осы жайт айтарлықтай үлкен сын-тегеурін болмақ. Бізге сапалы кадрлармен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажет. Осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Наверх