Погода
Астана -1 °С
Алматы 7 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2019 жылғы жазғы Универсиадаға Қазақстаннан қанша спортшы қатысады

28 Июня 2019 16:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тура бір аптадан кейін, яғни 3 шілде күні Италияның Неаполь қаласында 2019 жылғы жазғы Универсиада ойындарының алауы тұтанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, мультиспорттық додаға 170 елдің өкілдері қатысады деп жоспарланған. Аталған додада ел намысын Қазақстанның 94 спортшысы қорғамақ.

«Универсиада ойындарына үлкен құраммен аттанушылар қатарында семсерлесу спортының өкілдері бар. Италия төрінде 18 ноянымыз бақ сынайды. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан - 16, таеквондодан 15 спортшыға сенім артамыз. Садақ атудан- сегіз, нысана көздеу және стенд атудан он спортшы аттанады. Спорттық және көркем гимнастикадағы өкілдеріміздің саны - алтау. Сонымен бірге, төрт теннисші, он дзюдошы және жүзу спортынан жеті спортшы Универсиада жүлдесіне таласады», - деп атап көрсетілген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі, яғни 2017 жылы Қытайдың Тайбэй қаласында өткен Жазғы универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 16 медаль жеңіп алды. Оның 3-еуі - алтын, 6- күміс, 7 - қола медаль.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Ключевые слова: Еуропа, Спорт,
Наверх